"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

25 Желтоқсан 2018

«Өршіл рухты кейіпкер» ашық микрофон


   «Бір ел - бір кітап» Республикалық акциясы аясында көрнекті әдебиеттанушы, түрколог-ғалым, қаламгер, филология ғылымдарының докторы Н.Келімбетовтың «Үміт  үзгім келмейді» шығармасын оқу мақсатында №1 кітапхана-филиалында «Өршіл рухты кейіпкер» ашық микрофон ұйымдастырылды. Іс-шара қонақтары тұрақты оқырмандарымыз және №31765 әскери бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту маманы Құрманбаева Б.М., Абай атындағы №2 мектеп лицейінің 8 сынып оқушылары Жасұланқызы А., Рахмендиева Ж. қатысты. Шара қалалық мәдени-сауық орталығының өнерпазы К.Садуақасованың домбыраның қоңыр үніне салып шырқаған «О махаббат» әнімен ашылды.

    Әр оқырман ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты туралы өз ойларымен бөлісті. Автордың шығармашылығына арналған «Ерлік пен даналық дастаны» атты көрмесіне шолу жасалынды.

    Жыл қорытындысы бойынша оқырмандарымызға 3 номинация тағайындалды: « Парасатты оқырман» - Е.И. Капленко, «Ізетті оқырман» - Р. Зубайрина, «Ойлы оқырман» - Ф.Төлепбеков марапатталып, сыйлықтар табысталды. Соңында Абай атындағы №2 мектеп лицейінің 2 «Б» сынып оқушысы Қ.Аманкелдінің орындауында «Домбырасыз ән қайда?» деген әсем әуен тәмамдалды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика