"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Желтоқсан 2018

Әлем өзгеруде – біз де өзгереміз!



       Бүгін, 20 желтоқсан, бізде өте жағымды және қызықты оқиға – С.Сейфуллин ат. орталық қалалық кітапханада сүйікті қаламыздың тұрғындарының білімі мен ақыл-ойының лайықты деңгейін қалыптастыруға және қолдау көрсетуге көмектесетін, білім тарату және мәдени мұраны сақтау мақсатында COWORKING – орталық ашылды. 

       Елімізде мұндай орталықтар «Нұр Отан» партиясының кітапханаларды жаңғырту мен қайта жаңартуға серпін беретін «Қазақстан кітапханалары - заманауи білім орталықтары» жобасы шеңберінде ашылуда.
      Ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясының Балқаш қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Секербекова Б.М. сөз сөйледі. Сондай-ақ, қуанышымызды бөлісуге «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің мүшелері, құрметті ардагерлер, оқу орындарының басшылары, қала тұрғындары, БАҚ өкілдері, мектеп оқушылары мен студенттері, кітапханамыздың адал және сүйікті оқырмандары келді.
    С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың жаңа қоғамдық кеңістігі әр түрлі жастағы және қызығушылық танытқан адамдарға өз бетінше немесе топ ретінде тегін жұмыс жасауға, бейресми кездесулер өткізуге, сүйікті кітаптар мен мерзімді басылымдарды оқуға, сұхбаттасуға және ойнауға мүмкіндік береді. Бұл жерде қажеттінің бәрі бар - демалыс, оқу және ойындар үшін аймақ, бірлескен және жеке жұмыс үшін ұжымдық кеңсе аймағы, Wi-Fi, интернетке қолжетімді жұмыс машиналары және электронды дерекқорларға қолжетімділік, құжаттарды басып шығару , кездесулер өткізу.
      Бұдан басқа, кітапхана қызметкерлері барлық пайдаланушыларға ақпараттық қолдау көрсетуге дайын.
      Кітапханалық COWORKING – орталыққа келіңіздер, сіздерді көруге әрдайым қуаныштымыз!
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика