"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

19 Желтоқсан 2018

«Ұлттық ойын- салауатты өмір салты» зияткерлік ойыны


    Ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, ұлттық ойындар арқылы оқушының өз ұлтының әдет-ғұрпына, салт дәстүріне деген қызығушылығын ояту мақсатында А.Гайдар атындағы орталық қалалық  балалар кітапханасында «Ұлттық ойын- салауатты өмір салты» атты зияткерлік ойыны  өткізілді. «Салт - дәстүр»,  «Тұлғалар»,  «Ұлттық тағамдар» кезеңдерінен тұрған ойын барысында балалардың көңілі өсіп, бойы сергіп қана қоймай, бір- бірімен  тез тіл табысып, бірінен – бірі ептілікті үйренді. Ойын тартысты және қызықты өтті. Шара  соңында  балалар  кітапхана бөлімдеріне  саяхат  жасап, кітаптар тамашалады.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика