"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

14 Желтоқсан 2018

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханаларында іс-шаралар ұйымдастырылды:


 

«Эпоха: события, судьбы» мерекелік сағат

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Эпоха: события, судьбы» тақырыбында мерекелік сағат өтті. Кітапханашы Республикамыздың дамуы мен қалыптасу тарихымен таныстырып, «Тәуелсіздік тұғыры»  бейнебаяны көрсетілді. Шара аясында  Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейдің, Абай атындағы №2 лицейдің оқушылары мен Балхаш сервис колледжінің студенттері өнер көрсетті.

    Қалалық ән мен би байқауларының қатысушысы Сайлаухан Сабина «Мерекелеріңізбен» әнін, Халықаралық Республикалық өнер байқауларының жүлдегері Абенова Сымбат «Ата толғауы», «Мағауия» күйлерін орындады.  Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейдің 1-сынып оқушысы  Аронова Динара,  Балқаш сервис колледжінің студенті Ақылбаева Жансая Тәуелсіздік күніне орай жыр шумақтарын арнады.

 

«Тәуелсіздік туын желбіреткен Желтоқсан» тарихи сағат

    Туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге баулу мақсатында А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында «Тәуелсіздік туын желбіреткен Желтоқсан» атты тарихи сағат өтті. Кітапханашы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы оқиғалардың қатысушылары — Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова туралы әңгімеледі. «16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік алған күні», «Желтоқсан ызғары» атты бейнероликтер көрсетілді. Шара барысында «Тәуелсіздіктің тарихи жолы» атты слайд-презентация көрсетіліп, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы негізгі тарихи кезеңдерді ашатын аталмыш кітап көрмесіне шолу жасалды.

 

«Менің Тәуелсіз Қазақстаным»  тарихи сағаты

    №2 кітапхана-филиалында «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты тарихи сағаты өтті. Іс-шараға  №16 ЖББ орта мектебінің 9 «А» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы,  мемлекетіміздің Тәуелсіздік алғаннан бүгінгі күнге дейінгі кезеңдерін түсіндіре келіп, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауын, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқушыларға таныстырды. Іс-шара соңында тақырыпқа сай видео көрсетілді.

 

«Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпақтарына аманат»

атты ойталқы

     №3 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен  №7 мектеп-гимназиясында «Тәуелсіздік - Ұлы  дала ұрпақтарына аманат» атты  ойталқы өтті.

     Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы тарихын баяндау арқылы жастар бойында еліне, жеріне,  ұлтына деген патриоттық  сезімін  қалыптастыру және өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.

    Кітапханашы халқымыздың тарихын қысқаша баяндап, желтоқсан оқиғасына қатысушылардың өмірбаянымен таныстырды. Пікір алмасуға қатысушы  оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның  болашағы жайлы өз ой-пікірлерін ортаға салып, арнауларын оқыды.

    «Қазақстан»  атты  викторина  ұйымдастырылып, қатысушылар назарына кітап көрмесі ұсынылды.

 

«Тәуелсіздік - ата-бабам аңсаған» тәрбие сағаты

   Тәуелсіздік - қазақ елі үшін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. ХХI ғасырдың ұлы жетістігі – қазақ халқы үшін егемендік алып, көк туымыз желбіреп, ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сондықтан да, біз үшін Тәуелсіздік күні - ең қастерлі күн.

   Төл мерекеміздің қарсаңында №4 «Сырлас» кітапхана-филиалында №5 жалпы білім беретін орта мектептің 2 «Ә» сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік - ата-бабам аңсаған»  атты тәрбие сағаты болып өтті. Шараға оқушылар бар ынталарымен қатысып, мәнерлеп тақпақ оқып, әннен шашу шашты. Белсенді оқушыларға  алғыс хат және ескерткіш сыйлықтар табысталды.

         

       «Тәуелсіздік- азаттығым, бақ күнім!» отантану сағаты

  №5 балалар  кітапхана-филиалында «Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!» атты отантану сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі екенін айта келіп, желтоқсан оқиғасына тоқталып өтті. Сонымен қатар, балалардың назарына арнайы дайындалған  бейнеролик ұсынылды. №25 ЖББ мектептің оқушылары тәуелсіздік туралы өлеңдер оқып, 4-сынып оқушысы А. Жұматова  «Елім  менің» әнін орындады. Мереке соңында кітапханашы  «Ел тәуелсіздігі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

 

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»  ақпараттық сағат

   Гүлшат кенті №7 кітапхана-филиалында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»  ақпараттық сағаты өтті. Кітапханашы Отанымыздың тарихы, Тәуелсіз Казақстанның қалыптасу жылдарындағы жетістіктері туралы оқырмандарға  мәлімет берді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика