"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

30 Қараша 2018

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекелеу аясында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханаларында іс-шаралар ұйымдастырылды:


«Дана басшы – іргелі елдің кепілі» саяси портрет

 

    А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Дана басшы – іргелі елдің кепілі» атты саяси портрет өтті.

   Іс-шара барысында оқырмандарға Елбасының өмірі мен қызметі, тәуелсіздікті қалыптастырудағы тарихи рөлі туралы айтылды. Сонымен қатар, сұрақ-жауап ойынын өткізіліп, ұйымдастырылған «Аты аңызға айналған тұлға» атты кітап көрмесіне қысқаша шолу жасалды.

 

«Елін сүйген - Елбасы» тарихи сағат

   29 қарашада  «Сырлас» №4 кітапхана-филиалы мен Ардагерлер кеңесі бірлесіп «Елін сүйген- Елбасы» атты  тарихи сағат өткізді. Шараға қатысушылар Тұңғыш Президент күні мерекесі де уақыт өткен сайын маңызы артып халықтың мерекесіне айналғанын атап өтті.

  Кездесу барысында Елбасымыз Н.Назарбаев туралы  слайд, видеолар көрсетіліп, кітап көрмесіне  шолу жасалды.  ТОО «Смэлтинг» қазақ тілі қоғамының төрайымы Дүйсенбаева Бәтима Абдықалықова Елбасына арнаған өзінің туындыларынан шашу шашты.

 

«Ұлы даланың Ұлы перзенті» саяси сағаты

 

    Гүлшат кентіндегі №7 кітапхана-филиалында «Ұлы даланың Ұлы перзенті» тақырыбында саяси сағаты өтті.

   Аталмыш іс-шарада  кітапханашы, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жылдарының  шежіресі мен Елбасының  өмір жолы, саяси және қоғамдық қызметі туралы  айтылды. Оқырмандар назарына Н. Назарбаевтың жинақталған еңбектеріне кітап көрмесі ұсынылды.

 

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика