"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

27 Қараша 2018

«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» видео-журнал


     Еліміздің өсіп-өркендеуіне, гүлденіп-көркеюіне Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер басшы ретінде еңбегі зор. 27 қараша күні С.Сейфуллин атындағы қалалық орталық кітапханада «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» видео-журнал  сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға Балқаш Сервис колледжінің, Балқаш қаласының медициналық колледжінің, Академик Ж.С. Ақылбаев атындағы маңызды білім беру колледжінің студенттері мен ұстаздары қатысты.

       Кітапханашының Елбасының өмір деректері жайлы алғы сөзімен танысқаннан кейін, қатысушылар викторина түріндегі «ҚР Президентіне орнатылған ескерткіш қай елде?», «Назарбаев университеті қай жылы ашылды?» сынды қызықты әрі танымды сұрақтарға  жауап берді. Белсенді қатысушыларға кітапхана атынан сыйлықтар табысталды. Мерекелік сағатымыз Балқаш қаласының медициналық колледжінің студенті Әбден Сағыныштың Елбасымызға  арналған жыр шумағымен аяқталды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика