14 Қараша 2018
2018 жылдың 14 қарашасында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК ұйымдастыруымен өткен қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романын тікелей эфирде «Дауыстап оқу» акциясына Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі де атсалысты. Жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ақын мұраларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Есенова Б., Балқаш көпсалалы колледжінің студенті Болотова Е., әскери қызметкер Абильдин О., тұрақты оқырмандар Қамбарова Б., Баймағамбетов Е. белсене қатысып, шығарманы екі тілде оқыды. Акцияға қатысушылардың дауыстап оқуларын төмендегі сілтемелер арқылы көре аласыздар:
https://www.instagram.com/p/BqJtl7FAIgN/
https://www.instagram.com/p/BqJurUKAs3d/
https://www.instagram.com/p/BqJtGDgAhGS/
https://www.instagram.com/p/BqJslqsg2Up/
https://www.instagram.com/p/BqJsK9TArFs/