"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

09 Қазан 2018

«Туған күніңмен, Қоңырат!» авторлық шығармалар байқауы


     №5 балалар кітапхана-филиалында Қоңыраттың 90 жылдық мерейтойына арналған «Туған күніңмен, Қоңырат!» атты мектеп оқушылар арасында авторлық шығармалар байқауы болып өтті. Байқауға ЖББ №25, №3 мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары қатысып, шығармаларын мәнерлеп оқудан сынға түсті. Барлық сайыскерлер тақырыпқа сай Қоңырат жайлы және осы өлкенің кен байлығы жайлы жырлады.  Байқауға әділ бағасын беріп, шығармаларын бағалау үшін «Пульс» газетінің тілшісі Сәденов Қ.М., Қоңырат кентінің байырғы тұрғыны Бажикеев Ж.М., «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің КДжӘЖ секторының әдіскері Касенова Ф.М. әділқазалар алқасы  болып тағайындалды. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды Тілеуғабылова Дильназ (ЖББ №25 мектептің 8 «Б»-сынып оқушысы) иеленіп 1 дәрежелі дипломмен мараппаталса, екінші дәрежелі дипломды осы мектептің Серик Медина (ЖББ №3 мектептің 4-сынып оқушысы) иеленді, үшінші дәрежелі дипломмен Ақылбек Толғанай (ЖББ №25 мектептің 9«Б»-сынып оқушысы) мараппаталды. Барлық қатысушыларға ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика