"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

07 Қазан 2018

«Абай тағылымы – халық даналығы» облыстық жастар арасындағы сайыс қорытындысы


     Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының демеушілігімен Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында XII Абай оқулары аясында «Абай тағылымы – халық даналығы» облыстық жастар арасындағы сайыс ұйымдастырылған болатын. Аталмыш сайысқа өңірдің орталықтандырылған және аудандық кітапханалары атсалысты. Сайыс «Арнау» (қатысушының Абайға арнау өлеңі) және «Абай – ұлы даланың дара данышпаны» - «Эссе» (әдеби шығармашылық) номинациялары бойынша өтті. Барлығы 63 жұмыс тапсырылған болатын. Оның ішінде, 32-сі «Арнау», 31-і  «Эссе» номинациясы бойынша 15-25 жас аралығында Қарағанды облысы жастарының жұмысы өзара сайысқа түсті. Мұсабекова Б.М., Смағұлов С., Қабидоллин Р., Мұқай І., Мақсұтов Қ., Баймұрынов  Ж. секілді мәдениет қайраткерлері, журналистер және белгілі ақындардан құралған әділқазылар алқасы қабылданған жұмыстарды сарапқа салып бағалады.

     Балқаш қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің демеушілігімен аталмыш конкурсқа бірнеше оқырманның жұмысы дайындалып жіберілген болатын. Сайыс қоыртындысы бойынша Мұхаметжанов Жанәли «Арнау» номинациясынан ГРАН-ПРИ жүлдесін жеңіп, сүйіншілетті.  Кітап оқуды жаны жақсы көретін Жанәли кітапхана қабырғасында өсті десек те болады. Түрлі өнерді бойына жинаған жас талант Жанәли - садақ ату спорт түрінен халықаралық турнирлердің жеңімпазы және аталмыш спорт түрі бойынша спорт шебері. Көздегенін нық тигізіп, мақсатына жетіп жүрген Жанәли қазіргі таңда Қазақ спорт және туризм Академиясының студенті.

     Жанәлиді лайықты жеңісімен құттықтап, асқақ армандарың орындалып, алда алар асуларың көп болсын деп тілейміз!!!

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика