"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

02 Қазан 2018

«Как молоды мы были...» мерекелік қонақжай


     №1 кітапхана-филиалында ақ жаулықты ана, ақ сақалды ата болып отырған әр шаңырақтың берекесі – қарттар күніне орай «Как молоды мы были...» мерекелік қонақжайы болып өтті. Ақиық ақынымыз М. Мақатаевтың «Мен қарапайым қарттарды сүйемін» дегендей, қазынасы сарқылмаған елімізде көнекөздерімізді құрметтеу – басты парызымыз. Осы ретте кітапханамыз Турсынова С., Зубайрина Р., Искаков М., Сапунова Е.Н., Курышева К. М., Султанова М.К., Мадиева К.Д.,  Курманбаева Б., секілді  қарт оқырмандарын құшақ жая қарсы алды. Ел мүддесін бәрінен биік қойып, жарлығы жақ, жалпыға қорған бола білген қарттарымызды құрмет тұтуға арналған шарада мерекенің шығу тарихы туралы айтылды. Қонақтарымыз арнайы дайындалған дастархан басында елеулі еңбек жолын, зейнетке шыққаннан кейінгі өмірлерін айтып, сағыныш жылдарына бой алдырған сырларымен емен-жарқын бөлісті. Қалалық мәдени-сауық орталығының өнерпазы Садуақасова К. домбыраның қоңыр үніне қосылып әннен шашу шашты. Келген қонақтарымыз әр түрлі викториналық ойынға қатысып, апаларымыз ән шырқап, би билеп мерекелік көңіл-күймен тарқасты. Ата- апаларымызға ұзақ өмір, зор денсаулық тілейміз!

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика