"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

28 Қыркүйек 2018

«Қайдасың, қасқа құлыным» оқырмандар конференциясы


     28 қыркүйек №5 балалар кітапхана-филиалында Оралхан Бөкейдің 75- жылдық мерейтойы қарсаңында жазушының «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі желісінде оқырмандар конференциясы өтті. Шараға №25 мектептің 7-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар повесті талдай отырып, әр қайсысы шығармадан алған өз әсерлерін, түйген ойларын, ерекше сезімдеріне әсер еткен оқиғаларды әңгімеледі. О.Бөкейге арналған жыр жолдары оқылып, оқушылылар экраннан жазушының өмірі мен шығармалары жайлы бейнебаянды тамашалады. Конференцияда қатысушыларға қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушының өмірінен оқырманға белгісіз беттері жайлы, еңбек жолы туралы сөз болды. Іс –шара соңында жазушының шығармаларына арналған «Алтайдың ақиығы» кітап көрмесі ұсынылды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика