"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

28 Қыркүйек 2018

«Жасын ғұмыр жазушы» әдеби қонақжай


     28 қыркүйекте С.Сейфуллина атындағы орталық қалалық кітапханада жазушы Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына арналған «Жасын ғұмыр жазушы» әдеби қонақжайы өтті. Шараға жиналған қауым қазақ әдебиетіне соны қыр беріп, ерекше із салып кеткен асқаралы жазушыны еске алып, шығармашылығымен етене танысты. Қала колледждерінен жиналған студенттер ішінен Оралханды сүйіп оқитын, Оралхан шығармашылығын жанына жақын тұтатын оқырмандар да табылды. Аға буыннан «Пульс» газетінің тілшісі, ақын-сазгер Сәденов Қ., ЖББ №8 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абилова А, қала колледждері ұстаздары Алиманова С, Момынқұлова Л. және Тілдер орталығының жас маманы Бәйімбетова А. өскелең ұрпаққа Оралханның жазушылық қырымен қоса, оның журналистік, қоғамдық қайраткер қызметіндегі келелі жетістіктерін, шығармаларының көркемдік танымын жеткізді. Жазушының өмірі мен шығармашылығын баяндаған видео-роликтер көрсетіліп, қатысушылар арнайы дайындалған кітап көрмесіне көз жүгіртті.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика