"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

12 Қыркүйек 2018

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын дөңгелек үстел басында талқылау


    12 қыркүйек күні №4 «Сырлас» кітапхана-филиалында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын дөңгелек үстел басында талқылады. 

    Аталмыш шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары: Қабылов Б., Қалымбергенов А., Қамбарова Б., Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледжінің ұстазы Әшірбекова К., білім бөлімінің әдіскері Мейірбекова Г., жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жастар ресурстық орталығының мамандары, Ә.Мусин атындағы БГТК студенттері қатысты.

      Дөңгелек үстел басында кітапханашы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауының міндеттеріне тоқталып, қатысушы спикерлер Жолдаудың 10 негізгі бағыттарын және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінің маңыздылығын атап өтті. Шараға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, еліміздің қарқынды дамуына бағытталған жаңа қадамдарына қолдау көрсететіндерін жеткізді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика