"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

24 Тамыз 2018

«Собери книжный букет лета» жазғы оқулар қорытындысы


     Жыл сайын жазғы демалыс басталысымен А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Жаз кітаппен көңілді» атты бағдарлама аясында жазғы оқулар байқауы өз бастауын алады. Жаз бойы балалар кітап, журналдар оқып қана қоймай, сонымен қатар кітапханалық көңілді байқауларға, викториналарға және ойындарға белсене қатысады. Тамыз айының 24-ші жұлдызында  кітап мерекесі өтіп, «Собери книжный букет лета» атты жазғы оқу қорытындылары жарияланды. Байқаудың ең белсенді қатысушылары деп, Мұқашев Арсланды, Пак Евгений, Папурина Диана (№4 ЖББ ОМ), Дәрібжан Аружанды, Захарченко Николай (№17 ЖББ МЛ), Тасырбаева Медина (Абай ат. №2 мектеп-лицей), Соболев Артем («Зияткер» мектебі), Мамедов Виталий (№10 ЖББ ОМ ), Абылайханова Мадинаны (Ә.Бөкейханов ат. №15 лицей) атап өткіміз келеді. Кездесу соңында жас оқырмандарымыз жаз бойы оқыған шығармалары туралы пікірлерімен бөлісіп, сүйікті кітаптарынан «кітаптар шоғын» құрастырды. №5 ЖББ ОМ оқушысы Абидова Рабияның «кітаптар шоғы» түрлі-түсті, ең әдемі, ең көлемді болып танылды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика