"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

10 Тамыз 2018

«Ұлылардың ұлысы – Абай» атты поэзия сағаты


     10 тамыз күні қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туылған күніне орай №2 Абай лицейі жанындағы Абай ескерткіші маңында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты поэзия сағаты өтті.  Дәстүрге айналған шарада жиналған жұрт Абай өлеңдерімен сусындап, қарасөздері мен әндерін тыңдап, ерекше әсерге бөленді.

  «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, Тілдер орталығы директорының орынбасары Махмұт Жарылғап Сәдуақасұлының алғысөзінен кейін ақын мұрасын дәріптеген мәдениет ардагері  Қамбарова Бақыт Әрінқызы, №31765 Әскери бөлім қызметкерлері, аға лейтенант Досыбаев А., кіші сержант Қалқаманов Д.; №8 орта мектеп ұстазы Советалы Ш.; Ә. Мусин атындағы БГТК студенттері, «Кәусар» әдеби-жастар клубының мүшелері Канафин Қ., Мұқатай А.; Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушылары Алтынбекова А., Құсыман Қ.; №16 орта мектеп оқушысы Бейсекеева Б. және  Абайды сүйіп оқитын ең жас қатысушы Аронова Д. ақын өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. №1 кітапхана-филиалы  оқырманы Тілек Ж. Абайдың 19-шы қарасөзін  ағылшын тілінде тамаша орындады. №16 орта мектептің оқушысы Жанатова А., Ә.Мусин атындағы БГТК студенті Бөкен Д. секілді ақын жолын қуған жас таланттарымыз да ақынға арнаған жырларын асқан шеберлікпен жеткізе білді. Поэзия сағатында Абайды құлақтан кіріп бойды алған, әуезді әндері де шырқалды. "Балқаш сазы» ардагерлер хорының сүйемелдеуімен аталмыш хор орындаушысы  Бажикеев Ж. мен қалалық мәдени-сауық орталығының әншісі Игембеков А. Абайдың әсем әуендерін әсерлі орындады. Шара соңында ақын рухына тағзым етіп, гүл шоқтары қойылды.

 

     Іс-шарадан үзінді бейнебаян https://www.youtube.com/watch?v=Rrr03HRb6ak&feature=youtu.be

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика