"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

27 Шілде 2018

Пеппи - Ұзын Шұлықпен бірге ерекше ойын-сауық


     Қараменде би көшесіндегі алаңқайда А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері  ерекше ойын өткізіп, Пеппи - Ұзын Шұлықпен бірге жасырын қазыналарды іздеді. Алдымен балаларға жасырын қазыналардың орналасқан жері белгіленген картаны жинау керек болды. Құпия аралда жұмбақ шешіп, Спорт аралында  кедергілерден өтіп, Ертегілер аралында сүйікті ертегілерін естеріне түсірді. Әр жол кезеңінде тапсырманы дұрыс орындағаны үшін картаның бөлігін алып отырды. Барлық сынақтан өткен балалар картаның бөліктерін қосып, жасырын қазынаны тауып алды.

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика