27 Шілде 2018
Қараменде би көшесіндегі алаңқайда А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері ерекше ойын өткізіп, Пеппи - Ұзын Шұлықпен бірге жасырын қазыналарды іздеді. Алдымен балаларға жасырын қазыналардың орналасқан жері белгіленген картаны жинау керек болды. Құпия аралда жұмбақ шешіп, Спорт аралында кедергілерден өтіп, Ертегілер аралында сүйікті ертегілерін естеріне түсірді. Әр жол кезеңінде тапсырманы дұрыс орындағаны үшін картаның бөлігін алып отырды. Барлық сынақтан өткен балалар картаның бөліктерін қосып, жасырын қазынаны тауып алды.