"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

17 Шілде 2018

«33 идея» үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда


     Жаз неткен керемет мезгіл! Бұл – сен бір жыл бойғы жоғалтқан күшіңнің орнын толтырып, сергіп, кез – келген іспен айналысуға болатын, бір жыл бойына жиналған мазасыздық пен күйгеліктен арылатын мезгіл.

     Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана жанынан құрылған «33 идея» атты үйірме нағыз өнерпаздар мен шығармашылық дағдысын арттыру мақсатындағы ең таптырмас орындардың бірі болып табылады. Мұнда біздің кішкентай оқырмандарымыз қалаған ісімен айналысып қана қоймай, өздері қатарлас балалармен өзара тіл табысуға үйренеді. Мұнда сурет салу, бисер моншақтарымен әртүрлі композиция жасауды, түрлі-түсті қағаздардан бұйымдар мен түрлі сәндік-қолданбалы заттарды жасауды үйренеді. Соның арқасында, олар өз бетінше сәндік-қолданбалы дүниелермен әрлеу-әсемдеу жұмыстарын жүргізіп, жасалған жұмыстарды сынап, баға беруге, қоршаған ортаны танып- білуге, саусақтарының ұсақ моторикасын дамытып, икемділігін арттырады.

     Кітапханашы Жаркымбекова Д. аптасына төрт күн, балалармен 2 сағаттық жұмыс жасауда оларды түрлі өнерге баулып қана қоймай, балалардың жеке әңгімелерін тыңдап, олармен өзінің кітаптар туралы және оқу мәдениеті жайындағы қызықты ақпараттарымен бөлісіп отырады.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика