"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

21 Маусым 2018

«Үміт үзгім келмейді» оқырман конференциясы


     20 маусым №5 балалар кітапхана-филиалында 7-8 сынып оқушыларымен  «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін  түбегейлі зерттеп келе жатқан ғалым  Н. Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» кітабы бойынша  оқырман конференциясы болып өтті. Алдын ала балаларға  Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітабы  оқуға берілді. Балалар кітаптан көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген құштарлығын, қайсарлығын, адамгершілігін, мөлдір  махаббатын әңгімелеп берді.  Сонымен қатар «Ұлыма хат» деген эсседен адамға тән мейірімділік, достық сияқты асыл қасиеттерді күншілдік, ашкөздік, тәкаппарлық тәрізді жағымсыз мінез-құлықтарды байқағандығы жайлы ой толғады. Конференция балалар үшін тартымды, әрі қызықты өтті.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика