"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

19 Маусым 2018

«Ата-баба тарихын сақтаған бекет» мұражайға саяхат


     Осыдан 45 жыл бұрын  Балқаш қаласында  Балқаш  қалалық   тарихи-өлкетану мұражайы ашылған болатын.  Осыған байланысты   16-маусым күні №5 кітапхана-филиалы мектеп оқушыларымен бірге «Ата-баба тарихын сақтаған бекет» атты мұражайға саяхат жасады. Мұражайды таныстырушы (экскурсовод) балаларды жылы шыраймен қарсы алып, оларға мұражай туралы  көптеген мағлұматтар берді. Біздің бір байқағанымыз мұражайдың негізгі  байлығы - түп-нұсқа экспонаттар. Олардың арасында  қазба жұмыстарының нәтежесінде табылған  қола және  ежелгі  темір  дәуірінің  бұйымдары, мәйітті жерлеу рәсімдері, Балқаш  өңірі петроглифтерінің  бірегей үлгілері, күмістен жасалған ескі әшекейлер, кілем, сырмақ, киіз үй әбзелдері, сонымен қоса жануарлар мен өсімдіктер әлемі кеңінен көрсетілген. Саяхат барысында мұражай қызметкерлері балаларға  викториналық сұрақтар қойып,  түрлі  ойындар   ұйымдастырды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика