"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

28 Сәуір 2018

«Жолда жүру марафоны» танымдық сағаты


     Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің тәртіптік, сақтық шаралары, жол қозғалысы ережелерін сақтауы – көшедегі қауіпсіз қозғалыстың негізі болып табылады. 27 сәуірде №2 кітапхана-филиалы ЖББ №16 мектептің 5 «А» сынып оқушыларының қатысуымен жол қозғалысы ережелеріне арналған «Жолда жүру марафоны» танымдық сағатын өткізді. Балалар жол ережелері, бағдаршам,  көліктің түрлері туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, сан түрлі сұрақтарға жауап алды. «Жол жүру ережелері» конкурстық-ойын бағдарламасына қатысып, «Бағдаршам» және «Жас жүргінші» командаларына бөлінді. Қатысушылар «Жол белгілерінің қиылысы», «Рұқсат етіледі-тыйым салынады» ойындарында, «Жол белгілері» (пазлдары жинап жол белгілерінің мағынасын түсіндірді), «Қоғамдық көлік аялдамасы», «Жүргізушілер эстафетасы» (балаларға арналған машинаны арқан арқылы жүргізе отырып, кедергілерді жеңді) және т.б. байқауларында өз бақтарын сынады. Балалар жол белгілерін, бағдаршамды дұрыс пайдалана алатындарын, жаяу жүргіншілер жолы ережелерін сақтай алатындарын көрсетіп, жолды өте мұқият өтетіндерін дәлелдеді. Шара соңында қатысушыларға дилом мен естелік сыйлық табысталды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика