"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

27 Сәуір 2018

«Бірлік, достық пен бейбітшілік мерекесі» мерекелік калейдоскоп


    Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада қаламыздың этномәдени орталықтарының талантты өкілдерінің қатысуымен «Бірлік, достық пен бейбітшілік мерекесі» атты мерекелік калейдоскоп болып өтті.

      ЖББ №1 орта мектепің 5 «Б» сынып оқушысы Элина Кучаева «Көкке өрле» әнімен іс-шараның шымылдығын ашты. Шара барысында «Задоринка» ансамблінің солистері өнерлерін ортаға салып, «Живая память» ардагерлер хорының орындауындағы әндер қатысушылардың көңіл-күйін көтерді. «Возрождение» неміс орталығының орындауындағы әндер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қатысушылар медицина колледжі, сервис колледжі және Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледждің студенттері мейірімілік сезімі мен жүрекке жылу нәрін сыйлаған іс-шараға жоғары баға берді. Мерекелік калейдоскоп концерт қана емес, сондай-ақ әртүрлі ұлт өкілдерінің рухани бірлігін насихаттап, көрермендерге жарқын да жылы әсер сыйлады.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика