26 Сәуір 2018
Қоңырат кен орнының ашылғанына 90 жыл толуына орай №5 балалар кітапхана-филиалында 25-сәуір «Алғашқы кен ордасы – Қоңырат» танымдық сағаты өткізілді. Шара барысында №25 мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Хуанған балаларды кенді өлкенің тарихымен таныстырды. Қатысушылар «Өз өлкеңнің тарихын білесің бе?» викториналық сұрақтарына жауап беріп, белсендіктерін таныта білді. Бұл кеште балалар қалалық музей қызметкерлері дайындаған Қоңыраттың ашылғанынан бастап, осы күнге дейінгі тарихынан сыр шертетін үлкен фото көрмеге шолу жасады.