25 Сәуір 2018
Қазіргі таңда қоғамда шылым шегетін, алкоголь ішетін, тіпті есірткі құралдарын ерте жастан бастап қолданатын жасөспірімдер кездесіп жатыр. Осы орайда салауатты өмір салтын, балалар арасында нашақорлықты болдырмау жұмыстарын насихаттайтын «Шаг навстречу» клубының қатысуымен А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Пристрастия, уносящие жизнь» кітапханалық квилт ұйымдастырылды. Балалар алкогольдің, есірткінің және никотиннің адам ағзасына тигізетін зияны туралы ақпараттарды мұқият тыңдап, тақырып аясында өздерінің ойларымен бөлісті. «Адамдар неге шылым шегеді?», «Адамдар неге есірткіні пайдаланады?», «Алкогольдің зиянды әсерлері қандай?» және т.б. сұрақтарға белсене жауап берді.