20 Сәуір 2018
20 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада наурыз айында жарияланған «Сүйікті кітабыммен Selfi» акциясын қорытындылауға арналған «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында вookdating өтті.
Жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатын көздеген шара қатысушылары сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп, көремендердің қызықты сұрақтарына жауап берді. Академик Ж.Ақылбаевтың Балқаш маңызды білім беру колледжінің кітапхана меңгерушісі К.Қамбетбаева мен «Қазақмыс» Корпорациясы коледжінің кітапхана меңгерушісі Ү.Садықова қазіргі қоғамдағы кітаптың рөлі, кітап оқудың маңыздылығын насихаттады.
Сонымен қатар, №17 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы, ересектер аудиториясынан 20-дан астам кітап оқыған, кішкентай әрі зерек Асқар Адина фантастика жанрындағы кітаптардың ерекшелігіне тоқталып өтті. Акцияның кішкентай қатысушылары №9 ОМ 3-сынып оқушысы Мұхаметжан Райымбек пен №4 ОМ 2-сынып оқушысы Русланова Дильназ көрермендердің ықыласына бөленді.
Акция қорытындысы Insagram желісінде #меніңсүйіктікітабым хештегімен белгіленген фотосуреттердің жинаған лүпіл саны бойынша анықталып, жеңімпаздар марапатталды. 1 орынды №4 орта мектептің 2-сынып оқушысы Русланова Дильназ, 2 орынды ҚарМУ студенті Ильясова Әсемгүл, 3 орынды №1 кітапхана-филиалының тұрақты оқырманы Ғани Аруна иеленіп, жеңімпаздар диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. Акция қатысушылары Сағындықова Айгерім, Нұржанова Шолпан, Ысқақова Динара, Қасенхан Расул, Муралиева Әмина, Бунчужная Ольга, Ықласбеков Ілияс, Ғазиз Толғанай, Амантаев Жанғали, Бирюков Роман, Мұхаметжан Райымбек алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.