"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Сәуір 2018

«Кітап – сарқылмас қазына» флешмоб-акция


     Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай №1 кітапхана-филиалы «Астана» аллеясында «Кітап – сарқылмас қазына» флешмоб-акциясын өткізді.  Н.К. Крупская атындағы ЖББ №4 орта мектеп, Абай атындағы №2 мектеп-лицейі, №15 мектеп-лицейінің оқушыларының қатысуымен алаңда кітап бейнесі жасалды.

     Елімізде 2005 жылдан бастау алған «Буккроссинг» акциясы – шараның негізгі ұйытқысы болды. Енді кез-келген кітап сүйер қауымның қалаған кітабын алып оқитын мүмкіндігі бар.  Қала тұрғындарының игілігіне классика, әлем әдебиеті және балалар әдебиетімен толықтырылған үлкен кітап сөресі қойылды. «Кітап Ханшайымын» сомдаған №15 мектеп-лицейінің оқушы Н.Жарылғап кітаптың құндылығы туралы өлең шумақтарын оқыды. Шараға белсене қатысқан білім мекемелері алғыс хаттармен марапатталды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика