19 Сәуір 2018
19 сәуір күні №1 кітапхана-филиалында Қоңырат кентінің 90 жылдық мерейтоойына орай «Кенді өлке – Қоңырат» тарихи сағаты болып өтті. Шараға Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары қатысты. Тарихи сағат барысында өлкенің ашылу тарихы, мыс кенінің көзін тұңғыш барлаған инженер-геолог М.П.Русаков жайында және кеншілерінің өмірінен қызықты деректер айтылды. «Сандар сөйлейді» сергіту ойынында оқырмандар әр жылдары болған тарихи оқиғалардың хронологиялық тізбегін толтырылып, Т.Қойшымановтың «Қоңырат бөктерінде» кітабына шолу жасалды.