"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

18 Сәуір 2018

«Асылды ардақтау парыз» танымдық сағат


   18 сәуірде  С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі Қазбекова Мағрипа Мырзағұлқызының туғанына 115 жыл толуына орай «Асылды ардақтау парыз» атты танымдық сағат өтті.

   Танымдық сағатқа ЖББ №8, №17 орта мектептің оқушылары, медициналық колледж студенттері мен «Кәусар» әдеби-жастар клубының мүшелері қатысты. Шара барысында Қазбекова Мағрипа Мырзағұлқызының ауыр тағдыры суреттелген «Қанмен жазылған хат» қойылымы сахналанды. «Кәусар» клубының мүшелері Ә.Бақытжанқызы, С.Әбден, Б.Тұрғанова, С.Есенбекова Арқаның арқаралы ақыны Ғалым Жайлыбайдың «Мамочкино моласы», «Қызжылаған», «КАРЛАГ қақпасы», «АЛЖИР»  өлеңдерін оқып, кеш соңында Ерсайын Нарымбаевтың «1937 жыл. Ерте солған гүлдер» атты әні орындалды.

   Танымдық сағаттың екінші бөлімінде сөзжұмбақ шешіп, белсене қатысушылар алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика