"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

04 Сәуір 2018

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы бойынша ой бөлісуге арналған дөңгелек үстел


     Саяқ кентінің №6  кітапхана-филиалында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Тәуелсіздік дәуірі»  кітабы бойынша №6 ЖББОМ 11-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.
     Шараға қатысушылар бұл туындының маңыздылығына, автордың ел ертеңіне деген көзқарасына тоқталды. Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктер, алда қандай міндеттер тұрғаны сараланды. Оқушылар Елбасының Қазақстанды әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіргізу мақсаты жайлы өз пікірлерін айта отырып, Тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдер мен баяндамаларын оқыды. 
     Кітапханашы дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген тағылымы мол туындының өскелең ұрпаққа берері мол, Тәуелсіздіктің тарихын білу үшін таптырмас құрал екендігін жеткізді. 
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика