"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

04 Сәуір 2018

«Құстар – біздің досымыз, қорғауға үлес қосыңыз» интеллектуалды ойын


     Құстар – бізге тамаша табиғаттың бір бөлігі ретінде қымбат. Олардың әуезді, көңілді, сыңғырлаған әндері біздің құлағымыздың құрышын  қандырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. №2 кітапхана-филиалында Дүниежүзілік құстар күніне орай «Құстар – біздің досымыз, қорғауға үлес қосыңыз» атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Шара барысында  «Аққулар» және «Көгершін» атты екі команда өз бақтарын сынады. Алғашқы тапсырмаларда қатысушылар құстардың дауыстары және оларға берілген сипаттамалар арқылы атауларын тапты. Әр команда берілген құс жайында қысқаша әңгіме құрады. «Сергіту» ойын байқауында үш минут ішінде балалар «Ойлан, тап!» сұрақтарына барынша көп жауап беріп, өздерінің тапқырлықтарын және білімділіктерін көрсете білді. Интеллектуалды ойынның ең белсенді қатысушылары естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика