"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

03 Сәуір 2018

Балалар кітабының апталығы


«Әдеби кайтсерфинг» балалар кітабы апталығы

     А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы мектеп оқушыларының көктемгі демалыс уақытында дәстүрлі балалар кітабы апталығын өткізді. Апталық барысында кітапхана қызметкерлері жас оқырмандарды «Толқындар бойынша оқу» атты әдеби кайтсёрфингпен айналысуға шақырды. Кітап апталығы аясында балалар «Театрлық», «Жаңа», «Ойын», «Кездесу» және «Интерактивті» бес «толқын» бойынша саяхатқа аттанды. Ертегі кейіпкерлері Мыстан Кемпір, Алдар Көсе, Қожанасыр, Саққұлақ қазақтың дәстүрлі ойындарын өткізіп, балалардың жылдамдғы мен шыдамдылығын тексерді. Кітап ханшайымы балалармен ертегі кейіпкерлерімен жүздесетін «Кездесу» толқынында серуендеп, олар білім деңгейлерін көрсету мақсатында түрлі байқауларға қатысты. «Ойын» толқыны күшейген күні балалар үлкен қызығушылықпен түрлі ойындарға қатысты: «Балықтар», «Теңіз шайқасы», «Жұмбақ арал»,  «шалшықтардан» секірді.  «Жаңа толқында» жаңа кітаптармен танысып, өздеріне ұнаған кітапты оқуға үйге алды. Интерактивті толқындарда жас оқырмандар өздерінің ең ақылды, білімді және талантты екендіктерін көрсетті. Балалар әртүрлі интеллектуалды және шығармашылық тапсырмаларды орындап, тапқыр және белсенді қатысушылар алғыс хаттар мен тәтті сыйлықтармен марапатталды.

     

 

Балалар кітабының апталығы

     27-31 наурыз күндері аралығында №5 балалар кітапхана-филиалында дәстүрлі балалар кітабының апталығы өтті. Балалардың кітап оқуға қызығушылығын ояту және кітапханаға тарту мақсатында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып, ойын-сайыстар жүргізілді. Мектеп оқушыларына апта бойы «Оқыңыз және таңданыңыз!» атты жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Қазақ ертегілері, әлем халықтарының ертегілері, танымдық энциклопедиялар, тарихи шығармалар және қазақ әдебиетіндегі балалар жазушыларының шығармалары насихатталды. Сонымен қатар, «Кітап – жануарлар әлеміне есік ашады» эко-викторинасы ұйымдастырылып, апталықтың үшінші күнін «Біз өнерлі баламыз» балалар шығармашылық лабораториясы жалғастырды. Мұнда балалар «Теремок» ертегісі желісінде өздері қағаздан жасаған кейіпкерлермен көрсетілім қойды. Төртінші күні балалар «Гарри Поттер саяхатқа шақырады» ойын бағдарламасы бойынша қиял-ғажайып әлемге сапар шекті. Апталықтың соңғы күнінде ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен «Ертегілер – неткен ғажап»  атты  феерия (ертегі мазмұнын ашатын қойылым) болып өтті. Бұл күні кешті «Ертегі ханшайымы» жүргізіп, балалар ғажайып көріністің куәсі болды. 

          

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика