29 Наурыз 2018
Қазақ халқының арман-тілегін, елдігін, ынтымақ-бірлігін көксеген кемеңгер, терең ойшыл Бұқар жыраудың 350 жылдығына орай №1 кітапхана-филиалы №15 мектеп-лицейінде 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақтың көмекей әулиесі» атты танымдық сағатын өткізді. Шара барысында кітапханашы Бұқар жырау Қалқаманұлының өмір жолына тоқталып, таспадан «Тілек» атты толғауы тыңдалып, жырау жайында сақталған аңыздардан сыр шертілді.