"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

23 Ақпан 2018

«Жыр жауһары» поэзия сағаты


     Ақпанның 22 жұлдызында №1 кітапхана-филиалында сыршыл ақын М.Жұмабаевтың 125 жыл мерейтойына орай жыр сүйер оқырмандардың қатысуымен «Жыр жауһары» поэзия сағаты өтті. Ақын жырларының әр алуандығын паш еткен, әсіресе, махаббат лирикасы мен ғажайып дастандары Д. Тәңірберген “Туған жер”, К. Есболат “Хакім Абайға”   А.Абдикаримова “Махаббат деген не?”, Пшан Б “Балалық шақ” оқылған өлеңдері барша оқырмандардың  көңілінен шықты. Сонымен қатар, ақынның «Сағындым» әні орындалып, “Мағжан” деректі фильмінен үзінді көрсетілді. Бүгінде ақынның өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармауымен қымбат та құнды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика