"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

22 Ақпан 2018

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылау


     Ақпан айының 22 жұлдызында №2 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен ЖББ №16 мектептің 9-11 сынып оқушылары және тарих пәнінің мұғалімі Исина М.С. бірлесе «Тәуелсіздік дәуірі» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кітабы аясында «Қазақстан жаңғыруының үш толқыны» атты талқылау сағатын өткізді.

     Талқылауға қатысушылар Қазбекова М., Мыңбаев Е., Аманбек А., Козинова Ж., Толеухалым И. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – егемен елдің шежіресі екенін, Елбасының жаңа туындысында Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі басымдықтарды іске асыру, елді дамытуға бағытталған тарихи маңызды шешімдердің терең мазмұны мен іске асу барысы қамтылғанын және төрт бөлімге топтастырылғаны туралы баяндады. Кітапханашы ел өмірінде болып жатқан өзгерістердің қалыпты өтуіне жасалып жатқан реформалардың дұрыс әрі тиянақты орындалуына және еліміздің саяси және әлеуметтік тұрғыдан дамуына аталған құжаттардың тигізер ықпалын атап өтіп іс-шараны қорытындылады.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика