"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

09 Ақпан 2018

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша жеке пікір сағаты


    9 ақпан күні С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханасында ОКЖ қызметкерлері арасында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша жеке пікір сағаты болып өтті.

     Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Л.В.Власова өз сөзінде Жолдаудағы еліміздің төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында әрі қарай дамуына бағыттайтын мүмкіндіктерді ашып көрсетіп, нақты міндеттер жүктейтін бағдарламалық құжат екендігін айтып өтті.

 Сонымен қатар, ОКЖ қызметкерлері Б.К.Мұхаметжанова, А.К.Арзымбетова, П.Б.Байболатова, Ж.К.Мұхаметжанова, К.А.Жолнерова, Е.О.Жоржик, Г.А.Бегимова, Б.Д.Құрманова, А.Е.Чабанюк, Д.Д.Мұхаева жолдау жөніндегі өз ойларын ортаға салды.

     Шараның  соңында Елбасының Жолдауы еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси құжат және ондағы міндеттерді әрқайсымыз жұмыс орнымызда шешуге міндеттіміз деген қорытынды жасалды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика