"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

26 Қаңтар 2018

«Спортпен мәңгі достасқан» реквием сағаты


    №2 кітапхана-филиалында Балқаш қаласының Құрметті азаматы, ҚазКСР және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокстан КСРО Спорт шебері Александр Иванович Апачинскийді еске алуға арналған «Спортпен мәңгі достасқан» атты реквием сағаты болып өтті.

      Қазақстан Республикасының аға жаттықтырушысы А.Апачинский талантты боксшылардың тұтас шоғырын тәрбиелеген. Оның тәрбиеленушісі - Атланта олимпиадасының чемпионы (1996), алтын медаль және Вэл Баркер кубогының иегері балқаштық боксер В. Жиров. А.Апачинский  Е.Ибраимов, Б.Ниязымбетов, Б.Саттарханов, Б.Жұмаділов, М.Ділдабеков, Б.Артаев, Г.Головкин, С.Елеуов, Б.Сәрсекбаев секілді боксшылар құрамасымен жұмыс жасаған.

   Қатысушылар жерлесіміз туралы көптеген ақпараттар алып, алған әсерлерімен бөлісті. Шара соңында тәрбиеленушілерінің А.Апачинскийді еске алған сәттеріндегі бейнефильмнен үзінділер көрсетілді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика