"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

18 Қаңтар 2018

«Латын әліпбиінің негізін қалаушы» ақпараттық сағат


      Ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдық мерейтойына орай, 2018 жылдың 18 қаңтар күні №3 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен №7 мектеп-гимназиясында Елбасымыздың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»   мақаласы аясында «Латын әліпбиінің негізін қалаушы»  атты ақпараттық мәлімет сағаты өткізілді.
    Жас оқырмандарымыз Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайында біраз мағлұмат беріп, ақынның өлеңдері арқылы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, іс-шара барысында танымдық ойын өткізіліп, сөзжұмбақ жасырылды. Тарихи тұлғаның шығармаларын  насихаттайтын арнайы кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.
    Тәуелсіздікке  жетуде  елі үшін аянбай тер төгіп, қазақтың ұлт ретінде  сақталып қалуына үлкен үлес қосқан Ахмет Байтұрсынов есімі  ұрпақпен бірге мәңгі  жасай  бермек. 
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика