11 Қаңтар 2018
А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында бүлдіршіндерді еліктіретін әрі қызықты «Әдеби салындысы бар библиокәмпиттер» атты әдеби ойын өткізілді. Ерекше кәмпиттер ілінген әсем жасыл шыршаға балалардың назары ауып, ұсынылған тәттілерде жасырылған қыс мезгілі туралы жұмбақтар мен өлеңдерді оқыды, әдеби кейіпкерлерді тауып, олар туралы кітаптарды кітап сөресінен іздесті. Оқырмандар кітапхана қызметкерлері жасаған жаңа жылдық мерекелік ойында аса қызығушылық танытты.