"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

10 Қаңтар 2018

«Қыс ертегілеріне саяхат» әдеби викторина


     А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы жас оқырмандардың қатысуымен қысқы ертегілер еліне саяхат жасады. «Қыс ертегілеріне саяхат» атты әдеби викторина барысында балалар мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, қызықты жұмбақтар шешіп, қыс мезгілі туралы тақпақтар оқыды. «Сиқырлы ертегілер галереясы», «Жұмбақты шеш», «Ойлап тап», «Қатеңді түзе» атты әртүрлі сынақтарды бірге өткізген ертегі кейіпкерлері Түлкі, Аю, Қоян балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап, қолдау көрсетті. Оқырмандар «Жаңа кітаппен – Жаңа жыл» тосын сый көрмесінен өздеріне оқуға кітаптар таңдап алуға ниет білдіріп, көңілді іс-шараның куәсі болды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика