"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

27 Желтоқсан 2017

«Қош келдің, Жаңа жыл!» жаңа жылдық серпантин


     Жаңа жыл барлығымызды ертегіге елітер ерекше бір сәт. Таңғажайыптарға толы мерекенің әркімге жарқын естеліктер сыйлайтыны анық. Жыл бойы асыға күтетін осындай әсем мереке қарсаңында 26 желтоқсан күні №2 кітапхана-филиалы ерекше көркем безендірілген залында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық серпантин өткізді. Қатысушылар түрлі ертегілік аңызға толы Жаңа жыл тарихы туралы және әлем елдерінде мерекелену ерекшеліктері мен дәстүрлері жайлы тың ақпараттармен танысты.  "Көңілді карусель", "Жаңа жылдық серпантин", "Мұз туралы жұмбақтар" секілді танымдық ойындардың қызығына бөленген балалардың қуанышында шек болмады. Мереке соңында тәтті сыйлықтар үлестіріліп, кітапхана қызметкерлері келер жылға игі тілектерін жолдады.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика