"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

22 Желтоқсан 2017

«Шертпе күйдің шебері» әдеби-музыкалық сағат


      Балқаш топырағының дарынды да таланты ұлдарының бірі, ҚР халық әртісі, шертпе күйдің шебері, күйші-композитор Мағауия Хамзиннің есімін қаламыздың әр тұрғыны ерекше мақтанышпен еске алады.

   22 желтоқсан күні С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада дара тұлғаның 90 жылдық мерейтойына орай «Шертпе күйдің шебері» тақырыбында әдеби-музыкалық сағаты ұйымдастырылды. Күйшінің шәкірті Е.Т.Түгелбаев қонақта болып, М.Хамзиннің ұстаздық тұлғасы мен өлмес мұраларына тоқталып, күйлерін орындады. Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің студенті Қ.Қанафин мен №8 орта мектебінің оқушысы Ә.Қалымбетов өңір ақындарының Хамзинге арнауын көрермендерге ерекше ықыласпен жеткізе білді. Сонымен қатар, жуырда қаламызда күйшінің мерейтойына арналып өткізілген «Күй-құдірет, күй-аңыз» аймақтық күйшілер байқауынан үзінділер көрсетіліп, М.Хамзиннің күйлері орындалды. Жергілікті жазушы Ж.Башардың «Мағауия мақамы» естеліктер жинағы мен күйші М.Б.Анықбековтың «Мағауия Хамзин» еңбегі таныстырылып, кеш көрермендері 53898 әскери бөлімінің қызметкерлері де өз ойларын ортаға салды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика