"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

14 Желтоқсан 2017

«Тәуелсіздігім-тәңірім берген тәтті сый» тарихи сағаты


     14 желтоқсан С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздігім-тәңірім берген тәтті сый» тарихи сағаты өткізілді. Жастарға егемендіктің бағасын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған шараға қала колледждерінің студенттері қатысты. Өлкетану мұражайының аға қызметкері Д.Қожақов тарих толқынынан бірнеше ерлікке толы оқиғаларды келтіре отырып, жігерлі жастар – еліміздің болашағы екенін атап өтті. «Тілдер орталығы» КММ қызметкерлері Ш.Киканова, Г.Абсейітова, Абай атындағы №2 лицейінің психологы А.Төлетаева өздерінің тәуелсіздік құрдастары екенін мақтанышпен жеткізіп, ел игілігіне атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Іс-шара соңында Қазақстан туралы видео-ролик көрсетіліп, қатысышулар арнайы дайындалған викториналық сұрақтарға ұтымды жауап берді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика