"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

14 Желтоқсан 2017

«Желтоқсанның алауы – Тәуелсіздік жалауы» тарихи сағат


     Ел тәуелсіздігі қарсаңында 2017 жылдың 14 желтоқсанында №3 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен №7 мектеп-гимназиясында «Желтоқсанның алауы – Тәуелсіздік жалауы»  атты тарихи сағат  өткізілді.

    Бұл іс- шараның мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы тарихын баяндау арқылы жастар бойында еліне, жеріне,  ұлтына деген патриоттық  сезімін  қалыптастыру және елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін түсіндіру.

   Кітапханашы Тәуелсіздік еліміздің киелі де қастерлі ұғым екендігін, халқымыздың тарихынан қысқаша хабарлама бере отырып, 1986 жылғы желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаевтың өмір жолдарынан үзінділер оқып, бір сәт үнсіздік жариялады.

     Тарихи сағат барысында оқушылар өз арнауларын оқып, сурет галереясын тамашалап, «Желтоқсан желі» атты әнімен іс-шараны аяқтады. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика