"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

01 Қараша 2017

«Торайғыровты оқимыз» библиокеруен


    «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы комиссия мүшелерінің шешімімен «Жыл кітабы – 2017» ел болып оқуға қазақ поэзиясының шоқтығы биік ақыны, ұлт үшін күрескен қайраткер, ұлттық идеяның жыршысы Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары таңдалып алынған болатын. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін ел болып оқиық!» ұранымен ұйымдастырылған библиокеруен:

  • С.Сейфуллин атындағы ОҚК С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» поэмасына арналған ой-талқымен бастау алды. Аталмыш шараға Тілдер орталығы директорының орынбасары, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы М.Жарылғап, Ж.С.Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі С.Алиманова қатысты. Ж.С.Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру колледжінің студенттері «Кім жазықты?» поэмасы бойынша театрландырылған көрініс қойып, «Кәусар» әдеби-жастар клубының мүшелері С.Әбден, С.Бахытжанқызы, А.Қошанова, М.Алғамжанов, Ә.Қалымбетов ақын өлеңдерін мәнеріне келтіре орындады. «Алаш ұраны – Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты ақын өмірі мен шығармашылығын қамтыған видео-ролик көрсетілді.
  • А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы «Жанды кітап» форматы топтамасымен #Сұлтанмахмұтоқулары хештег-науқанын өткізді. Белсене атсалысқан Абай атындағы №2, №15, №17 ЖББ мектеп- лицейлері, №2 мектеп-интернаты, №5,16 ЖББ мектеп оқушылары марапатталды.
  •  №1 кітапхана-филиалы аллеяға шығып, «Алаштың ардақты ақыны» атты библиоақпаратқа қатысушыларды қазақ әдебиетінің алтын қорына кірген ақынның шығармаларымен таныстырды.
  •  №2 кітапхана-филиалында өткізілген «Ұлттың ұлы перзенті» әдеби сағатында ақынның аз ғана ғұмырында халқына қалдырған баға жетпес өлеңдері оқылды.
  •  №3 кітапхана-филиалы М.П.Русаков атындағы №2 мектеп-интернатында «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты әдеби шолу ұйымдастырды. Шара барысында  мектеп оқушылары «Кім болам?», «Жүремін тірі болсам адам болып», «Мен қазақ», «Оқуда мақсат не?» т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қатысушылар ақынның  шығармалары бойынша қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, «Қамар сұлу» бейнефильмін тамашалады.
  • №4 «Сырлас» кітапхана-филиалы «Асқақ арманды ақын» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Қала колледждерінің студенттері: Б.Орынбай, А.Қанатбекова, Б.Ахнай, М.Жақыпбекова және М.П.Русаков атындағы  №2 мектеп-интернаттың оқушылары  Н.Маратұлы, Е.Баймағамбетов Сұлтанмахмұт шығармалары бойынша ойларын ортаға салды. 
  • №5 балалар кітапхана-филиалында «Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын!» мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятуға арналған көркемсөз оқу сайысының нәтижесiнде А.Ханатқызы  бiрiншi орынды иеленді. Екiншi орынды Ж.Аманбаева мен Д.Абзалбеков өзара бөлiссе, үшiншi орын М.Серіков пен Ә.Байқоңыроваға бұйырды.
  • «Ұлт рухын оятқан» атты поэзия сағаты Саяқ кентінің №6 кітапхана-филиалында мектеп оқушыларының қатысуымен  өткізілді. Оқушылар С.Торайғыровтың өлеңдерін тебіреніспен мәнерлеп оқып шықты.
  • Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Шығамын тірі болсам адам болып» тақырыбындағы ақпарат сағаты Гүлшат кентіндегі №7 кітапхана-филиалында өткізілді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика