"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

30 Қазан 2017

«Балалардың мейірімді және жақын досы» әдеби мереке


     №1 кітапхана-филиалында С.Я.Маршактың 130 жылдығына орай, №4 ЖББ мектептің бастауыш сынып оқушыларына арналған   «Балалардың мейірімді және жақын досы» атты әдеби мереке ұйымдастырылды. 

     Қатысушылар балалар жазушысының шығармашылығымен, өлеңдерімен, ертегілерімен жақын танысты. Екінші сынып  оқушылары «Усатый Полосатый», «Почта», «Багаж», «Откуда стол пришёл», «Разноцветная книга» секілді өздері оқыған кітаптары жайында ойларымен бөлісіп,  «Угадай название», «Отгадай загадки, скороговорки Маршака», «Я читаю лучше всех» атты байқауларға қатысты. Яна Бурко «ханшайым», Давид Грузинский «министр», Андрей Зубров «профессор» рөлдерінде ойнаған кітапхана оқырмандары «Он екі ай» атты ертегісіне кішігірім сахналық қойылым жасады. Іс-шара соңында байқаудың білгірлері мен жас әртістеріне мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды. Әдеби мереке өз кезегінде қызықты және көңілді өтті.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика