"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

27 Қазан 2017

«Латын әліпбиі – уақыт талабы» ақпараттық сағаты


    Латын әліпбиіне көшу туралы бастама Қазақстанның егемен мемлекет ретінде дамуындағы көтерілген мәселе. Қазақ тілінен латын әліпбиіне көшу бізге тек халықаралық қоғамдастықта табысты интеграцияны жалғастырып қана қоймай, сонымен қатар, өз кезегінде қазақ мәдениетінің қазынасын басқа елдерге қолжетімді етіп, ағылшын және интернет жүйесінің тілдерін жақсы оқуға, ең бастысы – мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің жаңғыруына серпін береді.

    Қазақ тілінен латын әліпбиіне көшуге арналған іс-шаралар аясында, №2 кітапхана-филиалында ЖББ №17 мектептің 9-сынып оқушыларына арналған «Латын әліпбиі – уақыт талабы» атты ақпараттық сағат өткізілді. Шараның мақсаты: оқушыларға қазақ тілінен латын әліпбиіне көшу қажеттіліктерін түсіндіру.

    Кітапханашы қатысушыларды Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен, қазақ әліпбиінің тарихымен таныстырды. Оқушылар латын әліпбиіне көшу туралы тақырыпқа белсене атсалысып, «Латын әліпбиі - уақыт талабы»  сөйлемін, Қазақстан, өмір, әлем, кітапхана, табиғат сөздерін өз еріктерімен латын әліпбиінде жазды. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика