"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

06 Қаңтар 2017

2017 жылдың 4 қаңтары мен 6 қаңтары аралығындағы қысқы демылыс күндері № 3 кітапхана – филиалында көптеген қызықты іс-шаралар


2017 жылдың 4 қаңтары мен 6 қаңтары аралығындағы  қысқы демылыс күндері № 3 кітапхана – филиалында көптеген қызықты іс-шаралар болып өтті. Бұл іс-шараларға ОМ оқушылары және кітапханамыздың ең жас оқырмандары қатысты.

Қысқы демалыстар – бұл көңілді және қызықты демалу. Ұйымдастырылған іс-шаралардың басты міндеттерінің бірі, балаларды демалыс уақытында оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.

 

«Қысқы ертегілер» кітап көрмесі

4 қаңтар «Қысқы ертегілер» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Танымдық, тақырыптық кітап көрмесі біздің кішкентай достарымыздың қызығушылықтарын тудырды.  Балаларға «Зимняя  сказка» атты викторина ұсынылды, қатысушылар викторинаға белсене қатысты.

«Новогодние приключения гномиков» ойын-саяхат

5 қаңтар оқырман залында «Новогодние приключения гномиков» атты ойын-саяхаты ұйымдастырылды. Балалар үлкен қызығушылықпен «Снежный ком», «Новогодняя шкатулка», «Разные елки», хоккей, шашки, шахмат ойындарына қатысты. Іс-шара соңында барлық көрермендер мен қатысушылар «Зима в Простоквашино» атты жаңа жылдық балалар филімдерінің фрагменттерін тамашалады. 

«Мы  в каникулы не скучаем – лепим, клеем, вырезаем!» көңілді шеберхана.

6 қаңтар «Мы  в каникулы не скучаем - лепим, клеем, вырезаем!» атты көңілді шеберхана ұйымдастырылды. Онда балалар Ақшақар және Мыстан Кемпірмен қызықты сағаттарын өткізді. Ақшақар балаларға қаршалар, жұлдызшалар, фонариктер, моншақтар, сиқырлы шарлар қиуға және желімдеуге көмектесті. Ал Мыстан Кемпір болса  қатысушыларға арнап көптеген ойындар құрастырды.

Іс-шараның соңында барлық жұмыстар мақтау қағаздарымен және шағын сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика