"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

21 Қыркүйек 2016

«Бабалар тілі – сарқылмас бұлақ» әдеби-сазды сағат


      С.Сейфуллин атындағы  Орталық қалалық кітапхана, №53898 Әскери бөлімі мен М.Русаков атындағы №2 интернат бірлесе отырып қыркүйек айының  21 жұлдызында  Қазақстан халқының тілдері күніне орай  «Бабалар тілі  – сарқылмас бұлақ» атты  әдеби-сазды сағатты  өткізді.

№53898 әскери бөлімі қабырғасында өткен концерттік бағдарламаға М.Русаков атындағы №2 интернаттың  оқушылары  әдеби-музыкалық ұлттық ән мен би өнерлерін көрсетіп, әскери бөлімінің қызметкерлері капитан Ринат Янгалышев, аға лейтенант Дмитрий Савчук,  интернат оқушылары қазақ тілінде өлеңдерді нақышына келтіре отырып орындап, ұйымдастырылған кітап көрмесі ынтымақ пен берекенің, татулық пен өзара келісімге бағытталған мемлекеттік тіл саясатының жемісті екендігін айқындады.

      Шараға белсенді атсалысқан М.Русаков  атындағы №2 интернаттың оқушыларына №53898 әскери бөлімінің командирі полковник А.Избасов қолынан  алғыс хаттар мен  С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық  кітапхана атынан  естелікке  кітаптар  табыс етілді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика