"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

16 Қыркүйек 2016

«Кітапханаға қош келдіңіздер!» кітапханаға саяхат


С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада экскурсияларды өткізу дәстүрге айналды.

2016 жылдың 16-25 қыркүйек аралығында біздің кітапхана қала  колледждерінің   бірінші курс студенттерін қарсы алып, олар кітапхана тарихымен, оның залдарымен, қызықты кітап көрмелермен, жаңа ақпараттық ресурстар мен мүмкіндіктерімен танысты. «Қазақстан - 2050» - бір халық, бір ел, бір тағдыр. «Казахстан – 2050» - один народ, одна страна, одна судьба», «Қазақ елінің алтын есімдері. Золотые имена Казахстана», «Жастар әлемі. Планета молодых», «Әдебиет және кино әлемі. Мир литературы и кино» және басқа кітап көрмелер жастардың назарын алды. Wi-Fi орталығы бар жастар бұрышы ерекше қызықтырып, көңіл аударды. Мұнда олар өздерінің мобильдік құрылғыларын тегін интернетке қосып алуға, мобильдік кітапханада кітап жүктеуге, немесе қызықты журнал алып демалуға болатынын көрді. Сонымен қатар кітапханада қызықты тақырыптық ісшаралар өтетіні туралы және онда белсенді қатысушы ретінде тануға болатыны туралы білді. Кітапханаға саяхат көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды. Жастар кітапханамен танысқаны және оның оқырманы болғаны үшін өз ризашылдығын білдірді. 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика