16 Қыркүйек 2016
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығы бойынша жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбіде «Отбасы күні» атап өтіледі. Осы мереке аясында №3 кітапхана-филиалында «Әкем, анам және мен – оқымысты отбасы» атты отбасылық оқылым өткізілді. Мерекеге балалар мен олардың ата-аналары қатысты. Өздері оқыған кітаптары жайлы өз ойларымен бөлісті. Оқырмандардың поэзияға, ертегілерге, фантастикаға, сонымен қатар әр түрлі жанрда жазылған кітаптарға құмарлығы байқалды. Оқырмандар шара барысында кітапханашы тарапынан қойылған тәрбие, отбасы тақырыптары туралы сауалдарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.